Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде жас қызметкерлер ант қабылдады

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде жас қызметкерлер ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №19 мекемесінде Халық Қаhaрманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығын мерекелеу аясында, Отан қорғаушылар күніне арналған ант қабылдау мерекелік салтанатты іс-шара өтті.
Жас қызметкерлер: Қайранбаев Рамиль, Қоңырбеков Қуат, Қуатбаева Айжандар, салтанатты жағдайда, салтанатты түрде ант берді. Жас қызметкерлердің әрқайсысы бұл күнді асыға күткендіктен, антты мақтанышпен дауыстап оқып, енді ешқашан оны ұмытпайтындарын білдірді.

– Осы қызметтің барлық қиын сынақтарына абыроймен төтеп беріп, осы алған атақтарыңызға лайықты боласыздар деп сенемін. Және тәлімгерлеріңіздің лайықты ізбасары бола отырып, өздеріңізге артылған сенімді ақтайтындарыңызға сенімдімін. Әрқашан Конституция, Ант пен Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі талаптарын орындаңыздар,- деді мекеме бастығы Аслан Нурбеков жас қызметкерлерді құттықтап.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру