Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сый жасады
Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сый жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстанда жыл сайын кеңінен атап өтіледі. 1 маусымда еліміздің барлық интернаттық ұйымдарында қайырымдылық науқандары өткізіледі. Сыйлықтары бар демеушілер әртүрлі балалар үйлеріне барады. Бұл шарадан қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері де шет қалмады.
Мереке қарсаңында мекеменің жеке құрам қызметкерлері Семей қаласының №8 балалар үйінің тәрбиеленуші балаларына, қаланың балалар ойын-сауық саябағына мерекелік серуен ұйымдастырды.
Балаларға арналған спорттық командалық ойындар, сондай-ақ аттракциондарға отыру ұйымдастырылды. Серуенге 4 жастан 7 жасқа дейінгі балалар барды.
Қызметкерлер балалар үйінің әкімшілігіне балаларға арнап ағаштан жасалган сыйлықтар: үстел ойындары, үстел мен орындықтар жиынтығы, ойыншықтар сөрелері, және эко-ойыншықтар табыстады.
– Біз аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға және балалар үйлерінде ұсталатын балаларға үнемі көңіл бөліп отырамыз. Бүгін біз балалармен мекемеден тыс жерге бірінші рет бардық. Балаларға Біздің серуен өте ұнады. Олар үшін ең бастысы – біздің жан жылуымыз және оларға деген сүйіспеншілігіміз деп ойлаймыз, – дейді кадр саясаты бөлімінің бастығы Дидар Жұмаханова.