Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері есірткі қылмысының алдын алу мақсатында студенттермен кездесті

Атырау полицейлері есірткі қылмысының алдын алу мақсатында студенттермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы аумағында жасөспірімдер арасындағы тәртіптік құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары кешенді түрде жалғасып келеді. Тәртіп сақшылары тарапынан жүргізілген түсіндірме жұмыстарына қарамастан жасөспірімдер арасында есірткінің заңсыз айналымына қатысудың салдары азаймай тұр.

30 мамыр күні Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының студенттеріне синтетикалық есірткінің денсаулыққа зиян екендігі, есірткі айналымының алдын алу бойынша дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты – жасөспірімдер арасында болатын тәртіптік құқық бұзушылықтардың, есірткі қылмысының жауаптылғын жеткілікті түрде түсіндіру.

Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, өздерің толғандырған сұрақтарына жауап алды. Дәріс соңында түсіндірме жұмыстарын жүргізген тәртіп сақшыларына өз алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру