Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы ПД бастығының орынбасары дағдарыс орталығына барып қайтты

Абай облысы ПД бастығының орынбасары Семей қаласының дағдарыс орталығына барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов Семей қаласының дағдарыс орталығына барып, тұрмыс жағдайларымен танысты.

– Абай облысында әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстарды тергеуге маманданған 13 әйел тергеуші бар. Бұл шешім қылмыстарды тергеудің тиімділігіне оң әсерін тигізіп жатыр. Бұған көбінесе жәбірленуші-балалар мен зорлық-зомбылық құрбандарының әйел тергеушілерге деген сенімдерінің артуы, қылмыстың мән-жайын ашудан тартынбауы сияқты факторлар ықпал етті, – деп атап өтті Елдос Закимов.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелеріне ерекше назар аударып, зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатында нақты шараларды қолдауды тапсырды.

Бүгінде полиция органдары балалар мен әйелдердің құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ерекше назар аударады. Осыған байланысты, ҚР ІІМ дағдарыс орталықтарында жан-жақты құқықтық және психологиялық көмек көрсету бастамасымен отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешенін қабылдап жатыр.

Осы жұмысты жүйелі және тиімді орындау мақсатында «Әріптестік – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу құралы ретінде» ұранымен полиция департаменті мен Абай облысының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру