Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері заңсыз қару сақтаудың 35 дерегін анықтады

Павлодар облысының полицейлері “Қару” ЖПІШ жүргізу кезінде 35 заң бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар өңірінде “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу нәтижесінде газ, травматикалық қару, мылтық, патрондар тәркіленді.

Тұрғындардан барлығы 17 бірлік заңсыз сақталған қару тәркіленді: 4 шолақ мылтық, 6 тегіс ұңғылы мылтық, бір травматикалық мылтық, 5 газ қаруы, электрошокер және мылтық қаруына оқ-дәрілер.

Тегіс ұңғылы атыс қаруын өз еркімен тапсыру фактісі де бар. ЖПШ қорытындысы бойынша полицейлер 27 әкімшілік құқық бұзушылық пен 8 қылмысты анықтады.

9 қыркүйек күні Екібастұз қаласы ПБ құқықтық тәртіп сақшылары Қонаев көшесінде, 31 жастағы азаматты ұстады. Одан нөмірлері жоқ қос ұңғылы мылтықтың кесіндісі тәркіленді.

– Ал Ақсу ауданында 54 жастағы ауыл тұрғынынан шалғайдағы нүктелердің бірінде нөмірсіз Mossderg 500 A12ga тіркелмеген атыс мылтығы табылып, тәркіленді. Осы фактілер бойынша сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру