Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында есірткі сатып, пайда таппақ болған бикеш құрықталды

Атырау облысында есірткі сатып, пайда таппақ болған бикеш құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қыркүйек күні Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері қала аумағында синтетикалық есірткі заттарын сақтаған 22 жастағы күдіктіні анықтады.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар 13,66 грамм Альфа-PVP және 0,94 грамм Мефедрон синтетикалық есірткісі.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Күдіктінің айтуы бойынша, ол желідегі жарнама арқылы қаражатына қызығып шілде айында жұмысқа орналасқан.

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1 тармақшасы, КПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру