Абай облысы ПД қызметкерлері білім беру мекемелерінде профилактикалық дәріс өткізді
Абай облысы ПД қызметкерлері білім беру мекемелерінде профилактикалық дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2023-2025 жылдарға арналған нашақорлықпен және есірткі қылмысымен күрес жөніндегі кешенді жоспардың тармақтарын жүзеге асыру шеңберінде осы жылдың 8 қаңтарында Семей қаласының №8 балалар үйі КММ-нің тәрбиеленушілеріне есірткіге қарсы бағыттағы дәріс өткізілді.
Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстың білім беру мекемелерінде өткізетін профилактикалық дәрістердің басты мақсаты – оқушыларға есірткінің ағзаға зиянды әсерін, оны тұтынудың салдарын, сонымен қатар оның заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті түсінуге көмектесу.
Балаларға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершіліктер мен Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі баптарының нормалары түсіндірілді.