Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер тасжолда қалған Қырғызстан азаматтарына көмектесті

Ақтөбелік полицейлер тасжолда қалған Қырғызстан азаматтарына көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қаңтарда Хромтау аудандық полиция бөлімінің жедел басқару орталығына Самара – Шымкент автожолында шетелдіктер мінген автобустың жанармайы қатып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жерге полиция жасағы жіберілді.

Автобуста Қырғызстан Республикасының азаматтары болды, олар екі жүргізуші және 37 жолаушы. Жолда тоңып қалған жолаушыларды полицейлер жолшыбай өтіп бара жатқан автокөліктерге отырғызып, жылыну үшін кемпингтерге жіберді, ал өздері жүргізушіге көліктің ақауларын жөндеуге көмектесуге кірісті.

Бірнеше сағаттан соң шетелдіктер полиция қызметкерлеріне алғыстары мен ризашылықтарын білдіріп, өз сапарларын жалғастырды. Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде ақтөбелік полицейлер Әйтеке би ауданының аумағында Қарабұтақ – Қостанай трассасында автобусы бұзылып, жолда қалған 59 шетелдікке көмек қолын созған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру