Абай облысы полицейлері оқушыларға криминалистика туралы айтып берді
Абай облысы полицейлері оқушыларға криминалистика туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мектеп оқушылары полиция қызметкерінің оң имиджін қалыптастыруға және балалардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға арналған «Ашық есік күні» аясында қылмыс орнына барып, бас сүйегінен адамның жасын, нәсілін және жынысын қалай анықтауға, аяқ издерін дұрыс түсіру, саусақ іздерінің дұрыс алуын экскурсияда білді.
Тәртіп сақшылары оқушыларға қылмыстарды тергеу және ашу бойынша қызметтік міндеттер шеңберінде жүргізілетін жұмыстардың жекелеген түрлерін көрсете отырып, жоғары психоэмоционалдық жүктемелерді болжайтынын айтты.
Оқушыларды бағдарламаның жасөспірімдерді қызықтыратын сүйікті бөлігі күтіп тұрды. Сот сарапшысының чемоданын көрсету ұлдар мен қыздарды таңдандырды. Қонақтарға пластикалық стакан алу ұсынылды, содан кейін арнайы магниттік ұнтақтардың көмегімен саусақ іздері алынды. Бірден саусақтардың бетіндегі папиллярлық өрнектің ерекше ізін өздері түсіріп көргісі келетіндердің үлкен кезегі пайда болды.
Қорытындылай келе, тәртіп сақшылары орта мектеп оқушыларына болашақ мамандықтарын анықтауда дұрыс таңдау жасауды тіледі. Жедел-криминалистикалық бөлімше қатарында полицияда қызмет еткісі келетіндерге Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына құжаттарды тапсыруды ұсынды.