Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері 8 есірткі сатушыдан құралған ұйымдасқан топты ұстады

СҚО полицейлері 8 есірткі сатушыдан құралған ұйымдасқан топты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер Петропавл қаласының аумағында есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады. Енді күдіктілердің топтың жұмысын ұйымдастырып, оның жұмысына белсенді қатысқаны үшін қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберуге әзірленіп жатыр.

Облыстық полиция департаменті құрамындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері Петропавл қаласына аса ірі көлемде марихуана мен гашишті жеткізу және тарату арналарын бірнеше ай бойы зерттеді. Есірткінің аса ірі көлемі ел астанасынан жеткізіліп отырған, кейін жұмысқа таратушылар кіріскен.

Өткен жылдың мамыр айында жедел уәкілдер СҚО прокуратурасымен келісе отырып, ұйымдасқан қылмыс қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, Петропавл қаласында жеті күдіктіні және Астана қаласының 35 жастағы тұрғынын ұстады. Полицейлердің айтуынша, соңғысы қылмыстық топтың ұйымдастырушысы болған.

– Күдіктілерді ұстау кезінде жалпы салмағы 49 келі 318,27 грамды құраған есірткі тәркіленіп алынды, оның 81,58 грамы гашиш. Төртеуі күзетпен қамауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері мен жүргізілген көптеген сараптамалар аяқталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабының 1 және 2 бөліктері, 297-бабының 3-бөлігі бойынша қозғалған іс материалдары сотқа жіберілуге дайындалып жатыр, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру