Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ресейлік азаматтар жол бойында көмектескен СҚО полицейлеріне алғыс білдірді

Ресейлік азаматтар жол бойында көмектескен СҚО полицейлеріне алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Сактияр Ашмадьяров пен Нұрсұлтан Нәбиев Көкшетау — Омбы трассасының учаскесіне қызмет көрсетіп, Дәут ауылынан 4 шақырым жерде Kia Сarnival минивэнін байқап қалды. Анықталғандай, көлік дөңгелегі жарылған екен. Полицейлер бірден өз көмегін ұсынды.

Кейінірек қазақстандық полицейлердің назары мен қамқорлығы қатты әсер еткен ресейлік әйел СҚО ПД-ға өзінің Instagram парақшасындағы жазбасына сілтеме жіберді.

– Екі мың шақырымдық жолдан шаршап, біздің дөңгелегіміз тесіліп қалды, балалармен бірге түнде жаңбырда жолда қалып қойдық. Полиция қызметкерлері біздің дөңгелегімізді шешіп алып, оларды жөндеп, қайта әкелді. Балалармен үйге аман-есен жеттік. Мен оларға қалай алғыс айтуды білмедім, кейін СҚО полиция департаментінің аккаунтын таптым. Осындай керемет қызметкерлердің жұмыс істейтіні үшін алғыс айтқым келеді. Көп рақмет, – делінген жазбада.

ПД ППБ басшылығы батальон қызметкерлері ауысымға келіп, жолдағы қиын жағдайларда адамдарға көмек көрсету үшін күнделікті тапсырма алатынын атап өтті.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге магистральда жөндеуге қажетті қосалқы құрал мен басқа да құралдардың болуын ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру