Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО Зайсан ауданында екінші кадет сыныбы ашылды

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында полицияның екінші кадет сыныбы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарабұлақ ауылының А.Құнанбаев атындағы орта мектебінде салтанатты жағдайда куәліктерін тапсырып, кадет қатарына 5-сыныптың 18 оқушысы қабылданды. Ашылу салтанатына ШҚО ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Ерхат Шалқыбаев, Зайсан ауданы полиция бөлімінің бастығы Дидар Қамзин, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары мен мектеп ұжымы қатысты.

– Сіздер жай ғана мектеп оқушылары емессіздер. Сіздер қазір кадетсіздер, оған бүгін сіздерге берілген куәлік дәлел бола алады. Форма киіп, ант беру, бұл белгілі бір жауапкершілікті жүктейді. Жаңа жолдарыңыз енді ғана басталса да, кадет сыныбы өз мектептеріңіздің абыройын әрқашан сақтайтындарыңызға сенемін, – деп атап өтті Ерхат Шалқыбаев.

7 ұл мен 11 қызға полицей үлгісіндегі нысанды киім әзірленіп, тігілген. Негізгі пәндерден басқа, оқушылар бағдарламасына құқық қорғау қызметінің, әскери істің негіздері қосылады, сондай-ақ оқушылар ұлт батырларының ерліктерімен танысатын болады.

– Мен полиция қызметкері болғым келгендіктен кадет сыныбына бардым. Егер мен шынымен қаласам және жұмыс жасайтын болсам, жетістікке жететініме сенемін, – дейді 5-сынып оқушысы Ербол Гүлнар.

Болашақта балалар полицейлермен бірге қоғамдық тәртіпті сақтауға, мәдени және спорттық іс-шараларға қатыса алатынын атап өткен жөн. Қазіргі уақытта кадеттер саны артып келеді – бұл балалардың әскери істерге, салауатты өмір салтына, жолдастық дәстүрлеріне, өз Отанына пайдалы болуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру