Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қысқы маусымға дайындық: ШҚО-да полиция мен жол қызметтері қауіпсіздік шараларын талқылады

Шығыс Қазақстан облысында полиция мен жол қызметтерінің қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығына арналған брифинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Брифингтің негізгі тақырыбы – қар жауу, көктайғақ және ауа райының күрт нашарлауы кезінде республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдарда жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Талқылауға ШҚО полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Игорь Клишин қатысты.

Брифинг барысында қысқы кезеңде жүзеге асырылатын шаралар туралы айтылды. Атап айтқанда, тәулік бойы патрульдеу, уақытша бекеттер мен жылыту пункттерінің жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ қажет болған жағдайда көлік колонналарын алып жүру мәселелері қаралды.

Сонымен қатар жол қозғалысына шектеу енгізілген және жекелеген жол учаскелері жабылған кезде әрекет ету тәртібі талқыланды. Өткен қысқы кезеңнің қорытындылары, облыс жолдарындағы жол-көлік оқиғаларының статистикасы, автомобиль жолдарының жай-күйін тексеру нәтижелері және анықталған кемшіліктерді жою жұмыстары да назардан тыс қалмады.

Полиция жүргізушілерді ауа райы болжамын алдын ала ескеруге, қауіпсіз жылдамдықты сақтауға, қозғалысқа уақытша шектеу қойылған жол учаскелеріне шықпауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру