Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда ювеналды полицейлер демалыс күндері қалай өткенін айтып берді

Петропавлда ювеналды полицейлер мектепті аяқтау кешінен кейін демалыс күндері қалай өткенін айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқу жылының аяқталуы – ювеналды полицейлер үшін жауапты кезең. Петропавлда кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар өткен демалыс күндерін күшейтілген түрде қызмет атқарды. Ойын-сауық мекемелері, ойын клубтары, жалдамалы пәтерлер, сондай-ақ Қазақстан Конституциясы көшесі және жастардың басқа да сүйікті демалыс орындары ерекше назарда болды. Мақсаты – жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерсіз, мас күйінде және басқа да тәртіп бұзушылықтарсыз үйден тыс жерде болу фактілерін болдырмау.

Қалалық кафелердің бірінде кәмелетке толмағанның түнгі уақытта жұмыс істеу фактісі анықталды. Жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Түнгі көшелерде жүрген топтарда алты жасөспірім анықталды. Кәмелетке толмағандардың ішімдік ішу фактілері тіркелген жоқ.

– Мектеп аяқтау кештерінен кейін құқық бұзушылықтардың өсуіне жол бермеу — оқу жылының соңында күшейтілген профилактикалық жұмыстың нәтижесі. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар оқушылармен, олардың ата-аналарымен, ұстаздарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Айта кетерлік жайт, көптеген жасөспірім демалыс күндері ата-аналарымен бірге болды. Ересектерден кәмелетке толмаған балаларына заңнама нормаларын үнемі түсіндіріп отыруын және қараусыз қалуына жол бермеуін сұраймыз, – деп атап өтті Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру