Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ҚАЖД-да “Жұмыспен қамту” профилактикалық іс-шарасы аясында кездесу өтті

Ақтөбе облысында жүргізіліп жатқан “Жұмыспен қамту” облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Әйтеке би аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен жаңадан құқық бұзушылық жасауының алдын алу және жұмыссыздықты жою мақсатында кездесу шарасы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара Әйтеке би ауданының прокуратурасының бастамасымен Әйтеке би аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен өтті.

Кездесу барысында сотталғандарға жаза өтеу тәртібі мен шарттары, пробация қолданылатын адамдарға мемлекеттік қолдаулар мен әлеуметтік-құқықтық көмек алу жолдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен бірге аудан прокуратура қызметкерлерімен құқық бұзушылықтың профилактикасына бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған шара мақсаты – қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандарды қоғамға бейімдеумен қатар олардың салауатты өмір салтын ұстануына ынталандыру.

Кездесу соңында есепте тұрғандар тарапынан прокуратура және пробация қызметінің қызметкерелеріне сұрақтар қойылып, олар бойынша тиісті толық жауаптар алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру