Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы ҚАЖД-да бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті

Абай облысы ҚАЖД-да бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде департамент бастығы Ғалымжан Балтабаевтың төрағалығымен осы жылдың үш айының қорытындысы бойынша кеңейтілген жедел кеңес өтті.

Жедел кеңеске департамент бастығының орынбасарлары, Абай облысы бойынша ҚАЖД бөлімдері мен қызметтерінің бастықтары, мекемелердің басшылары және облыс мекемелерінің бөлімдері мен қызметтерінің бастықтары қатысты.

Кеңес барысында департамент бастығының орынбасарлары Арслан Мұхаметжанов пен Роллан Жұмажанов 2025 жылдың үш айындағы жедел-қызметтік қызметінің қорытындылары, сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы, кадрлық жұмыстың жай-күйі, тәртіп, жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңдылығы, Абай облысы бойынша ҚАЖД бос лауазымдарын іріктеу және жасақтау, облыс мекемелерінде сотталғандардың еңбекпен қамтылу жағдайы туралы баяндамалар жасады.

Қорытындылай келе, департамент бастығы ҚР ІІМ алқасының жедел қызметті жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру жөніндегі талаптарын жеке құрамға жеткізді, сондай-ақ жетілдіруді талап ететін бағыттар атап өтілді және алдағы кезеңге қызмет басшыларының алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру