Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы ҚАЖД мекемесінде ауған ардагерімен кездесу ұйымдастырылды

Абай облысы ҚАЖД №19 мекемесінде ауған ардагерімен кездесу ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауғанстаннан Кеңес әскерлердің шығарылған күні ауған ардагерлері үшін мереке, сонымен бірге қаза тапқан барлық интернационалист-жауынгерлерді еске алу және аза тұту күні. Осы оқиға қарсаңында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №19 мекемесінің қызметкерлері Ауғанстандағы қарулы ұрыстарға қатысқан ардагер Арыстанбек Идрышевпен кездесу ұйымдастырды.

Мекеменің акт залында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына арналған жиын өтті.

Арыстанбек Идрышев Кабул қаласын қорғаудағы әскери іс-қимылдарға қатысып, Ауғанстанда борышын өтеп, «Интернационалист-жауынгер» қызыл жұлдызша төсбелгісімен марапатталған.

1980 жылы қарулы күштер қатарына шақырылды. 1981-1983 жылдары Ауғанстан Республикасында интернационалдық борышын өтеген. Арыстанбек Идрышев қызметкерлерге ауған жеріндегі ауыр қызмет туралы, сарбаздың күнделікті өмірі, әскери борышын өтеу барысы туралы айтып берді.

Ардагермен кездесуден кейін мекеме бастығының орынбасары Айдын Қалелов ардагерге сол мекемеде еңбек етіп, жыл қорытындысы бойынша «Үздік қызметкер» атанған ұлын тәрбиелегені үшін «Алғыс хат» табыс етті.

– 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толады. Ауғанстанда қызмет еткендердің барлығын, олардың отбасылары мен жақындарын келе жатқан мерекемен құттықтаймыз. Баршаңызға мықты денсаулық, достарыңызбен көңілді кездесулер тілейміз, – деп құттықтады мекеме бастығының орынбасары Айдын Қалелов

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру