Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жазасын өтеп шыққан ақтөбелік азамат жеке кәсібін ашты

Жазасын өтеп шыққан ақтөбелік азамат жеке кәсібін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мұғалжар аудандық пробация қызметі “Бизнес ойлау” жобасы бойынша пробация есебінде тұрған сотталған азаматтарды кәсіпкерлік негіздерінде білімін жетілдіруге арналған курстарға қатыстырды.

24 жастағы Ғ. есімді азамат шалыс қадам басса да, өз қатесін түсініп, тура жолды таңдады. Жазасын өтеп шыққан соң ол жаңа өмір бастауға бел буды. Кәсіпкерлік курсынан өтіп, ауданнан отбасылык дәмхана ашты. Бұл жоба ақтөбелік азамат үшін қоғамға тез сіңісіп, өмірде өз орнын табуға септігін тигізді. Кәсіпті енді қолға алған кәсіпкер болашаққа сеніммен қарайды.

– Жазамды өтеп жатқан кезде, пробация қызметкерлері бізді арнайы психологиялық оқытуға жіберген болатын. Сол жерде көптеген пайдалы ақпарат алдым. Айтқан барлық қажетті жаңалықты еске сақтап алып, үлкен жоспар құрдым, алдыма мақсат қойдым. Шыға салысымен бизнес-жоспарды іске асыруға қадам жасай бастадым. Барлығын өз қаражатыммен қолға алдым. Бүгінде міне, жемісін көріп отырмын, – деді жас кәсіпкер.

Ақтөбе облысында жазасын өтеп шыққандар мен бақылауда жүрген адамдарды жұмысқа орналастыруға көп көңіл бөлінуде. Мамандардың айтуынша, пробация есебіндегі сотталғандардың жеке кәсіп ашуы, олардың өмірге деген көзқарастарын өзгертіп, қоғамға тез бейімделіп кетуіне септігі мол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру