Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында 18 млн теңгеден астам берешегі бар жүргізуші анықталды

Абай облысында 18 млн теңгеден астам берешегі бар жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының аумағында қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және анықтау, сондай-ақ «нөлдік төзімділік» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында, ағымдағы жылдың 20-30 қараша аралығында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында осы жылдың 25 қарашасында Абай облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызмет басқармасының іздеу тобының қызметкерлері Hyundai Creta автокөлігін анықтады, оның иесі мемлекеттік аграрлық корпорацияның пайдасына кредиттік қарыз бойынша қасақана борышкер.

Берешек сомасы 18 млн теңгеден асады. Ұсталған автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қамалды, бұл сот атқару құжатын қамтамасыз ету жөніндегі негізгі іс-қимылдардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру