Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында бір апта ішінде 135 граффити жазуы өшірілді

Абай облысында қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, абаттандыру талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір апта ішінде полиция қызметкерлері қоғамдық орындардағы 135 граффити жазуын өшірді. Бұл шаралар қала мен елдімекендердің көркін сақтау, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылуда.

Қабырғалар мен ғимараттардың сыртқы келбеті — елдімекеннің жалпы мәдениеті мен тазалығының бір бөлігі. Сондықтан қоғамдық орындарды күтіп ұстау және ортақ мүлікке жауапкершілікпен қарау маңызды.

Сонымен қатар өңірде жастар арасында құқық бұзушылықтардың, оның ішінде есірткі қылмысының алдын алу жұмыстары да жалғасады.

Таза әрі жайлы орта қалыптастыру — ортақ жауапкершілік. Қоғамдық орындарды таза ұстау, абаттандыру талаптарын сақтау және ортақ мүлікке ұқыпты қарау әрбір тұрғынның азаматтық мәдениетін көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру