Абай облысында бөтеннің үйіне ұрлыққа түскендер ұсталды
Абай облысында бөтеннің үйіне ұрлыққа түскендер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қыркүйек айының соңында Бесқарағай ауданының ПБ-ға 47 жастағы Глуховка ауылының тұрғыны хабарласты. Оның айтуынша, 23 қыркүйекте сағат 12.00-ден 19.00-ге дейінгі уақыт кезеңінде белгісіз адам жатын бөлмесінің терезесінің шынысын сындырып, оның үйіне кіріп, 10 мың теңгесін ұрлап, сонымен қатар оның атына берілген жеке басын куәландыратын құжат, банк карталары, әйелдер сөмкесі, әмиян және көзілдірікті жымқырған. Шығын көлемі 27 500 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полицейлер қаскөйді анықтады. Ол осы ауылдың 38 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Жауап алу барысында күдікті мойындау айғақтарын берді. Ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сондай-ақ Курчатов қаласында да осындай ұрлық фактісі болды. Кезекші бөлімге қаланың 36 жастағы тұрғынынан шақырту келіп түсті, ол 22 қыркүйек сағат 18.00-ден 18.30-ға дейінгі уақыт аралығында белгісіз адам балконның құлыпталмаған терезесі арқылы оның пәтеріне кіріп, күзен тонын жасырын ұрлап әкеткенін хабарлады. Келтірілген залал 60 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полицейлер қаскөйді анықтады. Ол 25 жастағы танысы болып шықты, жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады.
Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлімімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.