Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында дүкен сатушысы клиенттің атына несие рәсімдеген

Абай облысында дүкен сатушысы клиенттің атына несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыркүйек айының соңында Абай ауданының полиция бөліміне Қарауыл ауылының 35 жастағы тұрғыны жүгінді. Ол 24 қыркүйекте Қарауыл ауылында орналасқан сауда үйлерінің бірінде белгісіз адам оның сауалнамалық деректерін пайдалана отырып, мобильді қосымша арқылы 75 мың теңге ақшасын иемденгенін айтты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 30 жастағы қаскөйді анықтады. Күдіктінің жоғарыда аталған сауда үйінде жұмыс істейтіні белгілі болды. Ол өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жәбірленушінің атына несие рәсімдеген. Жауап алу барысында ер адам өзінің кінәсін мойындады.

Белгілі болғандай, жәбірленуші мобильді қосымша арқылы 200 мың теңге тұратын жиһаз несиеге рәсімдемек болған, алайда несие бойынша артық төлем көп болғандықтан, шешімін өзгерткен екен. Осы сәтте ер адам ыңғайлы жағдайды пайдаланып, әйелдің атынан құны 75 мың теңге тұратын смартфон ресімдеп алған. Бір ай өткен соң, өтелмеген берешек бойынша банктен қоңыраулар түсе бастағаннан кейін әйел полицияға жүгінген.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру