Абай облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған Lada Granta көлігін басқарған мас әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Автокөлік инспекторлары жүргізуші қала орталығында жол қозғалысы ережелерін бұзғаннан кейін көлікті тоқтатуды талап етті, 37 жастағы құқық бұзушы осы жылдың сәуір айында 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.
Оған қатысты көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның мас күйінде автомобильді қайта басқарғаны үшін ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.