Абай облысында көлікті заңсыз айдап кеткен азамат құрықталды
Абай облысында көлікті заңсыз айдап кеткен азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға облыс орталығының тұрғыны хабарласып, белгісіз адам оның көлігін үйдің ауласынан ұрлап кеткенін хабарлады. Аталған қылмысты ашу бойынша дереу жеке құрам жұмылдырылды. ЖБО бейнебақылау камераларының мониторингі барысында бұл автокөлік Қаржаубайұлы – Қабылбаев қиылысында байқалды және одан әрі оның ұсталғанға дейінгі қозғалысы «Сергек» бейнебақылау камералары бойынша инспекторлар іске кірісті.
ЖБО және ППБ қызметкерлерінің келісілген іс-қимылымен тәртіп бұзушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.