Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жыл басынан бері 35 жол-көлік оқиғасы тіркелген

СҚО-да жыл басынан бері 35 жол-көлік оқиғасы тіркелген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қателікті кешірмейді. СҚО полицейлері автокөлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтау және жолдарда қырағы болу туралы өтінішпен жүгінеді. Қиылыстардан өту кезектілігінің ережелерін сақтамау, қарсы жолаққа шығу және басқа да өрескел бұзушылықтар ауыр зардаптары бар жол-көлік оқиғаларына әкеп соғады.

3 айдың ішінде облыста 35 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, үш адам қаза тауып, 65 адам жарақат алды. Қаза тапқандардың ішінде бір бала бар және бес жасөспірім жарақат алған.

Оқиғалардың ең көп тараған түрі – бетпе-бет соқтығысу, оның кесірінен 20 апат болған, соның ішінде барлық адам өлімі және 45 жарақат алу дерегі тіркелген. Тәжірибе көрсеткендей, көбіне мұндай салдарға маневр жасау ережелерін бұзу, қарсы жолаққа шығу, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту, сондай-ақ екінші реттік жолдан шыққан кезде жүргізуші негізгі жолмен келе жатқан көлікті өткізбейтін кезде қиылыстардың өту кезектілігін бұзу әкеледі. Сондай-ақ ЖКО-ның негізгі себептеріне жылдамдықтың артуы және қашықтықты сақтамау жатады.

– Сонымен қатар мас жүргізушілердің кінәсінен үш жол апаты болды. Оның салдарынан бес адам жарақат алды. ЖКО-ның тағы бір кең тараған түрі – жаяу жүргіншілерді соғып кету. Жыл басынан бері осындай 9 оқиға тіркелді. Оларда 9 адам зардап шекті, ал төртеуі — белгіленбеген жерде немесе бағдаршамның тыйым салу сигналына өтуіне байланысты. Қозғалыстың барлық қатысушыларына жаяу жүргіншілер өткелдерінде ерекше қырағылық танытуға кеңес береміз. Апаттылықты азайту үшін полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді. Айта кетейік, СҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Аталған іс-шаралар құқықтық тәртіпті нығайтуға және қозғалыстың барлық қатысушыларының тәртібін арттыруға бағытталған, – деп атап өтті СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру