Абай облысында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күшейтілді
Абай облысында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында 11 қыркүйекте нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың отырысы өтті. Штаб төрағасының орынбасары – ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресті жандандыру қажеттігін атап өтіп, жауапты мекемелердің басшыларына жұмысты күшейтуді тапсырды.
Отырыстың күн тәртібінде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру мәселелері, оқу ұйымдарындағы нашақорлықтың алдын алу жөніндегі жұмыстың жай-күйі, жаңа оқу жылына арналған алдағы міндеттер, облыстық психикалық денсаулық орталығында есірткіге тәуелді адамдарды емдеу мен оңалтуда қабылданатын шаралардың тиімділігі, аталған адамдарды ынталандыру және Қазақстанның оңалту орталықтарына жіберу мәселелері, сондай-ақ облыстық полиция департаменті есірткі құқық бұзушылықтарын анықтау және жалпы нашақорлықтың алдын алу бөлігінде қабылдап жатқан шаралар қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселені қарау барысында денсаулық сақтау, білім басқармаларының басшылары тыңдалды. Нариман Күлдіков балалардың психоактивті заттарға тәуелділіктің пайда болу қаупін анықтап қана қоймай, сонымен қатар жеке тұлғаның даму динамикасын бақылауға, қолданылатын профилактикалық шаралардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін кешенді жоспардың орасан зор мүмкіндіктеріне қарамастан, мектеп басшылығы оның әлеуетін өте аз пайдаланатынын атап өтті.
– Мен жастар арасындағы есірткіге қатысты мәселенің маңыздылығын тағы бір рет атап өткім келеді. Тек бір полицияның күшімен оны шешу мүмкін емес. Барлық мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасалуы керек. Тек бірігіп, біз еліміз бен балаларымыз үшін есірткісіз болашақты қамтамасыз етеміз, – деп атап өтті Нариман Күлдіков.
Қабылданған шараларға қатысты Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Тілек Қамза сөз сөйледі. Ол облыста нашақорлыққа қарсы күрес және салауатты өмір салтының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленгенін хабарлады. Оны іске асыру мақсатында қылмыстық істер қозғау бойынша статистикалық деректер келтірілді. Оның 55-і есірткі таратумен айналысатын адамдарға қатысты.
Заңсыз айналымнан 118 келіден астам түрлі есірткі түрлері тәркіленді. Алдын алу шаралары да белсенді жүргізілуде. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша жастар арасында нашақорлық пен синтетикалық есірткінің таралуының алдын алу мақсатында 250-ден астам іс-шара өткізілді. Рейдтер ұйымдастырылды, мониторинг жүргізілуде, есірткі контентінің 60-тан астам сайты бұғатталды.
Қазіргі уақытта жаһандық проблема арзан және қол жетімді синтетикалық препараттардың таралуы болып саналады. Өткен кезеңде өңірде осындай заттарды сақтауға және таратуға байланысты 45 факт анықталды.
Штаб отырысында нашақорлықтың алдын алу, емдеу, есірткіге тәуелді адамдарды оңалту жүйелерін жетілдіруге, сондай-ақ ведомствоаралық, оның ішінде жұртшылықпен өзара іс-қимылды күшейтуге көп көңіл бөлінді.