Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер әскери қызметшілерге абъюзивті қарым-қатынастың салдары туралы түсіндірді

Абай облысында полицейлер әскери қызметшілерге абъюзивті қарым-қатынастың салдары туралы түсіндірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Аягөз ауданында "Бақытты отбасы – бақытты халық" республикалық акциясы аясында тәртіп сақшылары №10810 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді.

Шара барысында құқық қорғау органдарының өкілдері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары мен оның құқықтық салдары жөнінде баяндады. Кездесу ашық диалог форматында өтті: полицейлер ресми деректер мен заңнама нормаларын түсіндіріп қана қоймай, әскери қызметшілерді отбасылық құндылықтарды қастерлеуге, жеке тәртіп пен жақындары алдындағы жауапкершілікті сезінуге үндеді.

Сонымен қатар қатысушыларға өзара сенім мен сыйластыққа негізделген сауатты отбасылық қарым-қатынастың маңызы жайында бейнеролик көрсетілді.

Кездесу соңында әскери қызметшілерге құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған жадынамалар, сенім телефондары мен дағдарыс орталықтарының байланыс нөмірлері жазылған ақпараттық материалдар таратылды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар қоғамда зорлық-зомбылықсыз өмір сүру мәдениетін қалыптастыруға, халықтың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру