Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында профилактикалық есепте тұрған 2 мыңға жуық адам тексерілді

Абай облысында 20–22 қараша аралығында өткізілген “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Үш күнге созылған рейдтік жұмыстар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жол-көлік оқиғаларына жол бермеуге бағытталды.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда, көшелер мен жолдарда, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған азаматтардың мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде:

- Профилактикалық есепте тұрған 1 793 адам тексерілді.

- Олардың тарапынан белгіленген шектеулерді бұзудың 15 дерегі анықталды.

- Барлығы 797 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Қоғамдық тәртіпке қатысты:

- Алкоголь өнімдерін өткізу талаптарын бұзу – 5;

- Ұсақ бұзақылық – 9;

- Қоғамдық орындарды ластау – 19;

- Қоғамдық орындарда алкоголь ішу немесе мас күйде жүру – 166;

- Есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын медициналық емес мақсатта тұтыну – 22;

- Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы – 113;

- Қоғамдық орындарда тиісу – 82;

- Қорғау нұсқамасын бұзу – 8;

- Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрудың  189 дерегінің жолы кесілді.

Жол қауіпсіздігі де назардан тыс қалған жоқ.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы қағидаларын бұзудың бірқатар дерегінің алдын алды:

- Қарсы қозғалыс жолағына шығу – 4;

- Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушыларына басымдық бермеу – 93;

- Мас күйде көлік құралын басқару – 15;

- Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік жүргізуі – 10.

Бір ескеретін жайт: құқық бұзушылықтың әрбір дерегі – қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қатер. Әсіресе мас күйде көлік басқару, есірткі тұтыну, қоғамдық тәртіпті бұзу және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта бақылаусыз жүруіне немқұрайлы қарауға болмайды.

Шараның басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың  алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң талаптарының сақталуына бақылауды күшейту.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру