Абай облысында қаруланған ауыл тұрғыны ұсталды
Абай облысында қаруланған ауыл тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазан айының соңында «Учаске» ЖПІШ өткізу барысында қызмет көрсетілетін учаскені аралау кезінде аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел ақпарат бойынша Аягөз қаласының тұрғынын тексерді.
Тінту барысында ер адамның үйінен мылтық табылып, тәркіленді.
ІІМ-нің арнайы базалары бойынша тексеру кезінде мылтық тіркелмеген болып шықты. Сот- баллистикалық сараптаманың нәтижелері көрсеткендей, бұл мылтық атуға жарамды 16 мм калибрлі, тегіс ұңғылы мылтықтың кесіндісі болып есептеледі.
Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 1-бөлігі бойынша (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу басталды.