Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері өртті сөндіруге көмектесті

Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері өртті сөндіруге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №21 мекемесінің қызметкерлері Мұрат Сағымбаев пен Дәурен Бүгілбаев таңғы 07.21 уақытта жұмысқа келе жатқанда Семей қаласы Аймауытов көшесінің бойында тұрған жеңіл автокөліктен өрт шыққанын байқайды. Олар бірден «101» нөміріне қоңырау шалып, өрт сөндірушілерге хабар береді.

Өрт сөндірушілер келгенше өздері отты ауыздықтауға барлық әрекетті жасайды. Автокөлік иесінен көлікке газбаллоны орнатылғанын білген қос қызметкер айналадағы адамдар мен басқа көліктердің алшақ тұруын қамтамасыз етеді. Өйткені жарылыс орын алса, орны толмас қайғыға әкеліп соғуы мүмкін еді.

– Соңғы күндері Семей қаласында қатты аяз болып тұр. Күнделікті әдетімше жұмысқа келе жатқан едім аяқасты көлігім түтіндеп қоя берді. Басында біраз сасып қалғаным рас. Көліктен сыртқа шығып едім екі жігіт қасыма өртсөндіргіш құралдарын алып дер кезінде көмекке келді. Екеуі де құқық қорғау қызметкерлері екен. Өз өмірлері үшін қорықпай маған көмекке келгендері үшін алғыс айтқым келеді, – дейді қала тұрғыны Асхат Қамбаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру