Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе тұрғыны үйінде марихуана сақтаған

Ақтөбе тұрғыны үйінде марихуана сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қараша күні «Рефлекс-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлерімен Ақтөбе қаласы Орталық базар ауданында Ақтөбе қаласының 51 жастағы жергілікті тұрғыны ұсталды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, оның каннабиоидтарды қолданудан туындаған есірткілік мас күйде екені анықталды. Ол өз үйінде есірткі марихуанасын сақтайтынын айтты.

Ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша жазғы ас үйден сыйымдылығы 5 литр болатын пластикалық бөтелке және салмағы 2 келіден асатын марихуана есірткі затының екі полиэтилен пакеті табылды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру