Абай облысында республикалық "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда
Абай облысында республикалық "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
20 қазан мен 19 қараша аралығында Абай облысы аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, биологиялық ресурстардың заңсыз айналымын болдырмауға, сондай-ақ экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған республикалық "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара шеңберінде жануарлар дүниесін қорғауға және браконьерліктің алдын алуға бағытталған табиғатты қорғау және қадағалау органдарымен бірлескен жұмыс жүргізілуде.
Операция басталғаннан бері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 53 фактісі анықталды, соның ішінде 24 – аңшылық ережелерін бұзу, 9 – балық аулау ережелерін бұзу, 2 – тіркелмеген қаруды тәркілеу және 2 – өзге де табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері.
"Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
Полиция табиғатты қорғау заңнамасының сақталуына бақылауды күшейтіп, азаматтарды табиғат пен жануарлар дүниесіне ұқыпты қарауға шақырады.
