Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Есірткісіз өмір: таңдау сенде": Ақмола облысында есірткіге қарсы форум өтті

"Есірткісіз өмір: таңдау сенде": Ақмола облысында есірткіге қарсы форум өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң мен тәртіп" идеологиясын нығайту мақсатында Көкшетаудағы жоғары техникалық колледж студенттерінің қатысуымен есірткіге қарсы форум өтті. Іс-шараны есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы білім басқармасымен және есірткі құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес мүшелерімен бірлесіп ұйымдастырды.

"Есірткісіз өмір: таңдау сенде!"  осындай ұранмен құқық қорғау органдары мен жастардың кездесуі өтті. Полицейлер балаларға үлкен танымдық бағдарлама дайындады, ал кездесудің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру және заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескерту. Дәріске 100-ге жуық бірінші курс студенттері қатысты.

Форум аясында бір ортақ мақсат – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау арқылы біріктірілген түрлі қызмет салаларының өкілдері сөз сөйледі. Полиция департаментінің кинологтары қызметтік иттің есірткіні қалай іздейтінін көрсетті. Әдеттегі баяндамалардан алыстап, спикерлер пайдалы ақпаратты диалог түрінде жеткізуге тырысты. Бұл студенттерге өз пікірін білдіруге және форумның толыққанды қатысушысы болуға мүмкіндік берді.

Спикерлер арасында полиция қызметкерлері, дәрігерлер, қоғам қайраткерлері, жасанды зият саласындағы жас мамандар және еріктілер бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру