Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында сотталған әйел бес жыл көрмеген ұлымен жүздесті

Абай облысы бойынша ҚАЖД-да бір-бірін бес жыл бойы көрмеген ана мен бала кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталған Қарлығаштың баласының қамқоршысы әйелдер колониясында ашық есік күні өтетінін біліп, ұлын анасымен қауыштыруды жөн көрді. Қарлығаш үшін бұл тосыннан әрі көптен күткен кездесу болды.

– Біз бәріміз пендеміз және қателесуіміз мүмкін, сондықтан мен қамқорлығыма алған баланы бақылап отырып, бала есейіп келе жатыр және анасын танымайды деген ой келді. Екеуін ажыратқан кезде Әлішер өте кішкентай, 1 жасқа да толмаған бала еді. Айтпақшы, бұл кездесу балаға сыйлық ретінде болды десем болады, өйткені наурыз айында Әлішер бес жасқа толған еді. Бұл жастағы бала интеллектуалдық және жеке өсуде дами бастайды. Менің Әлішерім өте ақылды, мейірімді бала. Мен өзім де анамын және Әлішердің анасының тезірек үйіне оралып , баласы қолғанат болып, баласына керек екенін білсе деймін, – деп бөлісті Әлішердің қамқоршысы Альмира.

Бүгін Абай облысы әйелдер колониясында ашық есік күні ұйымдастырылып, өткізілді. Оның аясында туған-туыстары мен қоғам өкілдеріне колония қабырғаларын аралау және сотталғандардың жазасын өтеу жағдайларын көзбен көру мүмкіндігі берілді.

Шара қатысуға ниет білдірген тұлғалардың қақпасында мекеме басшысы Жақсылық Алтаевтың құттықтау сөзімен басталды. Мекемеге кіру ережелері, экскурсия шарттары және тәртіп нысандарының барған кезде сақталуы тиіс негізгі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

– Баламмен кездестіргені үшін Альмираға алғысым шескіз. Көріспегелі бес жылдай болды. Қанша уақыт өтті, Әлішерім мені ұмытып қалыпты және маған жақындауға қорқақтады. Осы қысқа сағаттарда біз бір-бірімізбен алғаш рет танысқандай болдық. Шын мәнінде, мен оны өте кішкентай кезінде көрдім, сондықтан мен оның есінде жоқпын. Оның алдында мен кінәлімін, бірақ барлығын түзетуге тырысамын, – деді сотталған Қарлығаш.

Оң қарым-қатынасты сақтау – сотталғандарды түзеудегі негізгі құралы. Мұндай кездесулер сотталғандардың қайта тәрбиелеуге , қателіктерін түсінуге көмектеседі. Мұнда туыстарымен алшақтағаннан кейін көпшілігі өздерінің құндылықтарын қайта қарастырады, бұл болашақта мұндай қателіктерді жиі жасамауға және бас бостандығынан айыру орындарына оралмауға көмектеседі.

Сотталған Қарлығаш аса ауыр қылмыс жасап, бірге жұмыс істеген азаматты өлтіргені үшін жазасын өтеп жатыр. Сот сотталушының кінәсін жеңілдететің мән-жайларды ескерді, бұл сотталғанда кәмілетке толмаған баланың болуы, өз кінәсін мойындауы, алғаш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын негізге ала отырып сегіз жыл жаза мерзімін тағайындады, бүгінгі күнге онын жартысынан көбі өтелген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру