Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер Өзбекстан азаматының құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетті

Қостанайлық полицейлер Өзбекстан азаматының құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өзіне көрсетілген көмектің арқасында енді жас жігіт шәкіртақы ала алады, сондай-ақ оған барлық мемлекеттік қызметтерді алу қол жетімді.

Бұл туралы Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жамал Муктубаева айтып, Қостанай облысының ПД-ға алғыс білдірді.

Ол оқу орнының студенті өмірлік қиын жағдайға тап болғанын айтты. Колледжге туу туралы куәлік бойынша түскен азаматының жасы құжаттау жасына жетпеген. Содан кейін олар Қостанай облысы полиция департаментінің көші-қон қызметіне құжаттар алу үшін жүгінді.

Әрі қарай белгілі болғандай, студент Өзбекстан азаматы болып шықты. Оның жетім екені белгілі болды және мұнда әпкесінің артынан келген.

– Астана қаласындағы Өзбекстан Республикасының елшілігімен құжаттау және өзара іс-қимыл жасау кезінде “Даму” қоғамдық қорының қолдауымен студентті Өзбекстан азаматының төлқұжатына құжаттау бойынша жалпы жұмыс атқарылды. Сондай-ақ ҚР-да уақытша тұруға рұқсат ресімделді және берілді, – деп түсіндірді Қостанай облысы ПД көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Ринат Сыздықов.

Құжаттау барысында оқушының әпкесі үшін де осы мәселелер шешілді. Жамал Муктубаева колледж басшылығының атынан жас жігіттің тағдырына белсенді қатысқандардың барлығына алғысын білдірді. Ол сұранысқа ие мамандық – цифрлық техниканы жөндеу бойынша оқуын аяқтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру