Абай облысында сотталған әйел заңды некеге тұрды
Абай облысындағы әйелдер колониясында психотроптық заттарды дайындап таратқаны үшін сотталған әйел некеге тұрды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодардың 33 жастағы тұрғыны Telegram интернет-мессенджері арқылы өз таныстарымен сөз байласып, қала аумағында психотроптық заттарды дайындап таратқан. Сот оны кінәлі деп тауып, он жылға бас бостандығынан айыру жазасына тағайындады.
– Мен өзімнің сүйіктіммен бұрыннан таныспын, ол менің ағамның жақын досы, ол менің қазір қайда екенімді біліп, таксофон арқылы сойлесіп, екеуміз хат жазыса бастадық, содан соң ол маған қысқа кездесулерге келді. Біз бір-бірімізге қажет екенімізді сол кезде түсіндік және бүгін біз қарым-қатынасымызды некені тіркеу арқылы заңдастырдық, махаббатқа кедергі жоқ деген шындық екен колонияда болсақ та, өз бақытымызды таба аламыз. Әкімшілікке рақметімді айтқым келеді, осылай бізге отбасын құруға мүмкіндік берді, – деп бөлісті сотталған.
– Қамауда отырған адамдардың әлеуметтік-пайдалы байланыстарын сақтау мекеме қызметкерлерінің маңызды тапсырмасы. Неке тіркелгеннен кейін жас жұбайлар алғашқы ұзақ кездесуге құқылы, жыл басынан бері әйелдер колониясында бес сотталған некелерін заңдастырған, – дейді сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ақмарал Қайранова.