Абай облысында сотталған әйелдер жылыжайда қызғалдақ өсірді
Абай облысында сотталған әйелдер жылыжайда қызғалдақ өсірді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысының әйелдер колониясында жаңадан жылыжай ашылған болатын. Сотталғандар жаңа жылыжайда қияр, қызанақ және жасыл көкшөптерді өсіреді. Ал өсірілген өнім сауда орындарына сатылады.
Бүгінгі таңда жылыжайда бес сотталған әйел жұмыс істейді, бірақ келесі айда тағы бес адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
8 Наурыз мерекесі қарсаңында сотталғандар аналарына сыйлық жасауға шешім қабылдап, жылыжайға өсімдіктер отырғызуға бел буып, бірінші отырғызылған өнімдері — қызғалдақ бүршіктері болған. Орташа алғанда, гүлдердің өнуіне шамамен екі ай қажет болған, олардың әрқайсысы өз гүлдері үшін алаңдап, олардың ойларынша кейде бұл гүлдер "кенеттен өспей қалса" деген ой әрдайым ойларына келетінін жеткізген. Бірақ бәрі жақсы өсіп ,осындай мереке қарсаңында қызғалдақтар ойдағыдай мекен-жайларға жіберілді.
— Мені үйде 13 және 10 жастағы екі ұлым күтіп жүр. Бас бостандығымнан айырылғаннан кейін анам балаларды өз қамқорлығына алған болатын, шамамен бес жылдай уақыт , анам менің балаларымды тәрбиелеп жатыр, оларды әр кезде менімен кездесуге әкеліп отырады, мені барлық жағынан қолдайтын осы- анам! 8-Наурыз мерекесі қарсаңында біз аналарымызды қуантуды шештік, өйткені кез-келген жастағы әрбір әйелге гүл алу ,үлкен қуанышты әрі жағымды сәттердің бірі. Әрине гүлдер өз қолдарымен өсірілсе, - деп бөлісті сотталған.
— Мекемеде барлығы бес жеке кәсіпкерлік жұмыс істеуде - екі тігін цехы, кондитерлік цех, наубайхана және тұшпара цехы, - дейді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру бойынша аға инспекторы Алтынай Ұлтамбаева.