Абай облысында сотталған қарттарға нота қоятын тақтайша жасап берді
Абай облысында сотталған қарттарға нота қоюға арналған тақтайша жасап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекемеде адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін жазасын өтеп жатқан С. есімді сотталған Семей қаласының арнайы-әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы қарттарға арнап, пюпитр жасады.
Ол қарттарға нота қоюға арналған аяқты тақтайша керектігін қария-аналарға 8-наурыз мерекесіне арнап тарту бергенде білген.
Өзінің жұмыс берушісінен қажетті ағаш, пюпитрің суреті мен бояулар алдырған ол, жұмыс арасында ойға алған құрылғысын жасаған.
– Біздің орталықтан қызмет алушы қарттар ән айтып, күй шерткенді ұнатады. Бүгінгі тартуға қарттар қатты қуанды. Егде адамның есте сақтау қабілеті жыл сайын төмендейтіні құпия емес қой. Енді олар пюпитрге өлеңдері мен ән сөздерін қойып, сахнаға батыл шығары сөзсіз – дейді орталық қызметкері Гульмира Куанышева.
Мекемедегілердің айтуынша, С. есімді сотталған жұмыспен қамтылғалы 5 жыл ішінде қарттарға, балаларға арнап қолынан келетін заттарын жасап, көмектесіп келеді. Мәселен 8 наурыз мерекесінде арнайы-әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан қызмет алушы ардагер-әйелдерге арнайы сый дайындап берген екен.