Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да қаза тапқан полицейдің құрметіне кадет сыныбы ашылды

ШҚО-да қаза тапқан полицейдің құрметіне кадет сыныбы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Негізгі сабақтардан басқа, тәрбиеленушілер құқық қорғау қызметінің, әскери істің негіздеріне оқытылатын және ұлт батырларының ерліктерімен танысатын болады. Өскеменде № 35 орта мектеп КММ-де қызметтік борышын өтеу кезінде өмірін құрбан еткен Юрий Дробышев атындағы кадет сыныбы ашылды.

Оқу орнында алғаш рет 48 оқушы салтанатты түрде ант қабылдап, полиция кадеттері атанды.
Ашылу салтанатына ішкі істер органдарының ардагері Зинаида Макрушина, полиция ардагері Василий Багликов, Өскемен қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Марат Баяндинов, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары мен мектеп ұжымы қатысты.

– Ант бере отырып, кадет әрбір сөзді шынайы тебіреніспен айтады және сіздер үшін ар-намыс, қадір-қасиет, тәртіп – бірінші кезекте болуы тиіс, – деп атап өтті Марат Баяндинов.

Оқушылар Отанды қорғауға және еліміздің жас ұрпағы үшін нағыз батылдық пен ерліктің үлгісі болуға ант берді. Іс-шарада тәртіп сақшылары батыр полицейдің өмірі, қызмет еткен жылдары, ерлігі туралы айтып берді және бұдан былай сынып оқушылары батырдың есімін мақтанышпен алып жүретін болады.

ШҚО ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы Юрий Дробышев 1983 жылдың 1 қыркүйегінде Согра ауданына жедел түскен қоңырау бойынша барған. Милиция қызметкерлері келгенде қылмыскер терезесінен бейбіт тұрғындарға оқ жаудыра бастаған, сол кезде Юрий Михайлович онымен келіссөздер жүргізуге тырысқан, алайда қауіпті қылмыскер оған сол жерде оқ атып жіберген.

Кадет сыныбының ашылуы әскери-патриоттық тәрбиені арттыруда ерекше рөл атқаратынына сенімдіміз. Оның тәрбиеленушілері таңдалған жолдың маңыздылығы мен жауапкершілігін сезінеді, сондай-ақ, өздерін қоғамға қызмет етуге арнағандардың ерліктері мен өмірі туралы әңгімелерді естеріне сақтап жүретін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру