Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полиция жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Күннің қатты ысуына байланысты Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылар арасында белсенді профилактикалық жұмыстарды бастады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Акцияның басты мақсаты — ауа райының қолайсыздығынан жүргізушілердің денсаулығы нашарлап, соның салдарынан болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Кезекшілік уақытында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларға салқын су таратты. Сонымен қатар тәртіп сақшылары ыстық күндері жолда аса сақ болу керектігін еске салады.

Жол қауіпсіздігі үшін маңызды кеңестер:

 — көбірек су ішу;

 — шаршаудың немесе күн өтудің алғашқы белгілері байқалғанда, тоқтап, демалу;

 — жолға шықпас бұрын автокөліктің техникалық күйін тексеру;

 — мүмкіндігінше, алыс сапарларды таңғы немесе кешкі уақытқа жоспарлау.

Полиция жүргізушілерді өз денсаулығына мұқият болуға, жол жүру ережелерін (ЖЖЕ) қатаң сақтауға және апатқа әкеп соғуы мүмкін жағдайларға жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру