Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында сотталған қазақ ақынының портретін салды

Абай облысында сотталған қазақ ақынының портретін салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай күнін мерекелеу құрметіне қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған қазақ ақынының портретін салған.

Жетісу облысының 47 жастағы тұрғыны өз үйінің баспалдақ алаңынан балалар велосипедін ұрлап кеткен. Осылайша, ол өз әрекеттерімен велосипед иелеріне отыз мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді.

– Сот оны ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша кінәлі деп танып, оған бір жыл алты ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Жазасын өтеу үшін ол Семей қаласының қауіпсіздігі орташа мекемесіне келді. Қазіргі уақытта сотталған адам жасаған ісіне өкінеді. Онымен тәрбие жұмысы жүргізіледі. Абай күнін мерекелеу қарсаңында сотталған бізбен Абай Құнанбаевтың портретін салғысы келетіні туралы өз тілегімен бөлісті. Біз портретті салу үшін барлық қажетті материалдарды ұсындық, – деп бөлісті мекеме бастығының орынбасары Ерсін Ахметжанов.

– Кітапханада мен көп уақыт өткіземін, қазақ ойшылдары мен жазушыларының шығармашылығымен таныстым. Абай Құнанбаевтың шығармалары мені қатты таң қалдырды және Абай күніне оның портретін салуды шештім, – деді сотталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру