Абай облысында сотталғандардың ағаштан жасаған үстелдеріне сұраныс жоғары
Абай облысында сотталғандардың ағаштан жасаған үстелдеріне сұраныс жоғары, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме аумағындағы жеке кәсіпкердің өндіріс цехында шығарылып жатқан қазақы жерүстелге сұраныс күн санап артып келеді.
Ағаштан бұйым жасауға арналған өндіріс цехының ашылғанына 1жыл 6 ай болды. Қазіргі уақытта өндірісте 14 сотталған жұмыс істейді. Олар қала мен ауылда сұранысы жоғары болып тұрған қазақы жерүстелдің айына 25-28 данасын жасап, сатылымға шығарып отыр.
– Менің цехымда жұмыспен қамтылған сотталғандардың ағашты өндеу бойынша икемдері бар болғандықтан шығар, тапсырыс әрдайым көп. Мекеме аумағында өндіріс орынын ұстау өте пайдалы екен. Қалада цехтің күзетіне қыруар қаражат кетер еді. Мұнда сотталғандардың еңбек ақысы мен ай сайынғы жалға алу құнын төлеп тұрсаң болғаны, – дейді жеке кәсіпкер Дамир Қайрұлданов.