Абай облысында студенттер үшін құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды
Абай облысында студенттер үшін құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нашақорлық тақырыбы бүгінде өзекті мәселе болып тұр, оның кең таралып жатуына орай жастар мен жасөспірімдер арасында оны әдетке айналдырмау үшін елеулі шаралар қабылдау қажет.
Осыған байланысты 2023-2025 жылдарға арналған нашакорлыққа және есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспардың тармақтарын іске асыру шеңберінде Абай облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы T. Қамза М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің студенттерімен кездесті.
Кездесудің мақсаты – құқықтық сауаттылык деңгейін арттыру және заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар нашакорлық пен есірткі қылмысының алдын алу.
Студенттерге әртүрлі есірткілерді қолданудың зияны туралы бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ кездесуге Абай облысы полиция департаментімен ынтымақтастық туралы меморандум жасаған «СОЦК» қоғамдық қордың және ЖИТС орталығы қызметкерлері қатысты.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында синтетикалық есірткіні тұтынудың артуы ұлт денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін атап етті. Олар физикалық жағдайға әсер етіп қана қоймайды, олар психикаға орны толмас соққы береді.
– Есірткі өмір жольның бастауы емес – соңы, – деп атап өтті Т. Т. Камза.