Абай облысында танысының телефонын ұрлаған күдікті қолға түсті
Абай облысында танысының телефонын ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға облыс орталығының 26 жастағы тұрғыны өзіне тиесілі телефонның ұрланғаны туралы хабарлаған. Полиция қызметкерлеріне жәбірленуші гаджеттің өзі тұратын пәтерден жоғалып кеткенін айтты.
Полиция кешенді іс-шаралар өткізіп, соның ішінде бір күн бұрын пәтерге барған азаматтарды анықтады. Ұрлық жасауға қатысы бар деген күдікпен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жәбірленушінің 29 жастағы танысы ұсталды, ол өзінің кінәсін мойындады.
Күдікті жәбірленушіге қонаққа келіп, телефонын ұрлап кеткені анықталды.Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлімінде (Ұрлық) көзделген қылмыс белгілері бойынша сотталушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге келу туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Полиция қызметкерлері қаскүнемнің өзге мүліктік қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.