Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы вандализм үшін жауапкершіліктің бар екенін еске салды

Алматы полициясы вандализм үшін жауапкершіліктің бар екенін еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері қаланың тәртіп сақшылары қала меншігіне – қоқыс жәшіктеріне, ойын алаңдарына залал келтірудің 175 дерегін анықтады, оның ішінде 52-сі кәмелетке толмағандармен жасалды.

– Көбінесе бұл құқық бұзушылықтар халық аз қоныстанған жерлерде жасалады. Алматыда инфрақұрылымның зақымдалуын болдырмау мақсатында қала әкімшілігімен қоғамдық бақтарды, саябақтарды және серуендеуге арналған аумақтарды қосымша жарықтандыру жұмыстары жүргізілді: 240 бейнебақылау камерасы орнатылды, 7200 жарық шамдары ауыстырылды және қаланың 511 көшесі жарықтандырылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, биыл қаланың 127 ауласына бейнебақылау орнатылды. Осы бейнежүйелерді талдау арқылы қала мүлкіне зиян келтірген 157 құқық бұзушы анықталып, жазаланды, – деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Диас Дуанбекова.

Сонымен қатар тәжірибеде зираттардағы қоршауларды ұрлау кездеседі. Жыл басынан бері 27 дерек тіркелді. Осы қылмысты жасағаны үшін 9 адам ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде Өзбекстанның екі азаматы бар, олар зираттан 11 қоршау ұрлағаны үшін әрқайсысы 4,5 жылға сотталды.Талдау көрсеткендей, зираттардағы металл қоршаулар мен ескерткіштердің элементтерін металл қабылдау пункттеріне өткізу үшін ұрлайды. Түсті металдарды заңсыз қабылдағаны үшін 13 азамат жауапкершілікке тартылды.

– Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Қала мүлкіне ұқыпты болуларыңызды шақырамыз. Мұндай іс-әрекетке жол берілмейді және жауапкершіліктің көзделгенін хабарлаймыз, – деп түйіндеді Дуанбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру