Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полиция қызметкерлерін балағаттаған тұрғын анықталды

ШҚО-да полиция қызметкерлерін балағаттаған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері көлікті тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде полицейлер оның ірі қара малдың ұшасын тиісті құжаттарсыз тасымалдап бара жатқанын анықтаған.

Тәртіп сақшылары көлікті тексеріп, заңсыз тасымалдауды растайтын заттай дәлелдемелерді тәркілеуді бастаған. Осы кезде жолаушылардың бірі агрессивті мінез-құлық танытып, айналасындағы адамдарды құрметтемей, заңды талаптарға бағынбай, полиция қызметкерлеріне балағат сөздер айтуды жалғастырған.

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде билік өкілдерін қорлағаны үшін 41 жастағы жолаушыға қатысты ҚР ҚК-нің 378-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған бапта 80 АЕК көлемінде айыппұл салу, не түзеу жұмыстарын жүргізу, не 20 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру