Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полицейлер “102” қосымшасы арқылы 80-нен астам хабарламаны қабылдады

Петропавлда полицейлер жыл басынан бері “102” қосымшасы арқылы 80-нен астам хабарламаны қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үйдің кіреберісінде, дәлізде темекі шегу және жолдардың сапасыз жағдайы, түнгі уақытта шулау және бағдаршамның қызыл түсіне өту – бұлардың барлығы Петропавл тұрғындарының “102” қосымшасы арқылы полицияға жолдаған хабарламалары.

Қосымша арқылы мәтіндік, дыбыстық, фото және видео хабарламалар жіберіп, кезекші бөлімге хабарласуға болады. Азаматтардың қоңыраулары бірден тіркеледі.

СҚО полиция департаментінің ақпараттандыру және байланыс басқармасының хабарлауынша, жыл басынан омниканалдық қосымша арқылы 86 хабарлама қабылданған. Қазіргі уақытта 3 материал бойынша жақын арада шешім қабылданады. 69 хабарлама расталды, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Ең жиі келіп түсетін хабарламалардың бірі – көлікті қою қағидаларын бұзу. “102” қосымшасының көмегімен қаңтар айынан бастап, көліктерін тротуарларға, көгалдарға, балалар алаңдарына қойған 45 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қала тұрғындарының бірі Батыр Баян көшесінде көлікті қою ережелерінің бұзушылықтарын суретке түсіріп алып, әлеуметтік желілердегі пабликтерге жолдамай, бірден полицияның ресми қосымшасына жіберген. Ереже бұзған барлық адам жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, қала тұрғындары апаттық жағдай жасау, бағдаршамның қызыл түсіне өту, абаттандыру қағидаларының бұзушылықтары және т.б. сияқты бірқатар бұзушылықтарды жедел анықтады. Volkswagen автокөлігін көлік басқару құқығынсыз жүргізгенімен, мақтанған 37 жастағы қала тұрғыны да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ Петропавл аумағында “SOS” батырмалары да жұмыс істейді. Бұл құрылғылар адам көп жүретін аймақтара орнатылған және полицияға аудио, видео байланыс арқылы хабарласуға болады. Шақырту батырмасы жерден бір метр биіктікте орналасқан; құрылғы арқылы балалар да хабарласа алады. Жыл басынан бұл құрылғылардың көмегімен полицияға 3 хабарлама келіп түсті, олардың барлығы бойынша кезекші тәулікте шешім қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру