Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу ПД-ның мұражайында оқушыларға экскурсия ұйымдастырылды

Жетісу облысы полиция департаментінің мұражайында №23 мектептің төртінші сынып оқушыларына арналған экскурсия өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық Жетісу полиция департаментінің мұражайына Ұлы Отан Соғысына және милитаристік Жапониямен соғысқа қатысушысы аты аңызға айналған тұлға, милиция генерал-майоры Әбдіқадыр Болсамбековтің есімі берілген. Мұражайдың меңгерушісі әрі гиді – майдангердің қызы Мадина Болсамбекова.

Мұражай бірнеше залдардан тұрады, олардың әрқайсысы 1917 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі Ішкі Істер органдарының қалыптасу тарихының жеке кезеңін көрсетеді. Мұражайда сирек кездесетін экспонаттар, алғашқы милиционерлер туралы, Ұлы Отан Соғысына қатысушылары туралы деректер мен қазіргі замаңғы полиция қызметімен көп байланысты ақпараттар бар. Сондай-ақ қазіргі кезеңдегі батырлардың Үкімет наградаларымен марапатталғандардың тарихы.

– Біз осы дүниеде, осы өмірде өз бөлшектерін қалдырған, барын жаңа нәрсе жасауға жұмсаған адамдар туралы есімізде. Жақсы істерімен жадымызда із қалдырған тұлғаларды құрмет тұтамыз. Есімдері өшпес тұлғалардың әрекеттері мен істерін әрдайым есте сақтаймыз. Есте сақтау – болмыстың маңызды қасиеттерінің , өшпейтін мұраның бірі. Біздің жадымызда жақсы тәжірибе жинақталады, қазіргі және болашақ дәстүрі қалыптасады! –деп қосты мұражай меңгерушісі, – деп атап өтті облыс ПД музейінің меңгерушісі Мадина Болсамбекова.

Іс-шара соңында Талдықорған қаласының кішкентай тұрғындары Мадина Болсамбековаға мазмұнды және қызықты экскурсия, тарихи ағартуға қосқан үлесі, сондай-ақ кейінгі ұрпақ үшін сақталып отырған мұраға ұқыпты және құрметпен қарағаны үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру