Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында Ұлттық домбыра күніне орай пробациядағы сотталғандарға тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырылды

Ұлтық домбыра күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменті Абай аудандық пробация қызметімен есепте тұрған сотталғандарға облыстық-тарихи өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақ халқының киелі аспабы – Ұлтық домбыра күніне орай Абай аудандық пробация қызметімен есепте тұрған тұлғалардың рухын жаңғырту мақсатында Семей қаласының облыстық-тарихи өлкетану музейінің Абай ауданы Қарауыл ауылындағы мұражайында экскурсия өтті.

– Домбыра жер бетінде кеңінен тараған шертпелі аспаптардың қатарына кіреді. Ұлттық домбыра күні мереке ретінде аталып бастағанына 5 жыл толып, халық санасына тез сіңіп, ең бір айтулы күнге айналып шыға келді. Осы шара сотталғандардың патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында өткізіліп жатыр, – деді Талант Смағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру