Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ұсақ бұзақылықтың 77 фактісі анықталды

Абай облысында ұсақ бұзақылықтың 77 фактісі анықталды – деп хабарлайды Polisia.kz

Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу мақсатында осы жылдың 9-11 қарашасы аралығында Абай облысының аумағында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шара басталғалы Абай облысы Полиция департаментінің қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамы күшейтілген қызмет атқару режиміне ауыстырылды.

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларын талдау негізінде полицейлер кезекші нарядтарды неғұрлым криминогендік орындарға қоюды қамтамасыз етті.

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Абай облысының тәртіп сақшылары 600-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты, оның ішінде 136 спирттік ішімдіктерді ішу фактісін, 77 ұсақ бұзақылық фактісін анықтады.

Сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында ІІО профилактикалық есебінде тұрған 400-ден астам есептік тұлға, қысқа мерзімді жалға тапсырылатын 90-нан астам пәтер тексерілді. Патрульдік полиция қызметкерлері мас күйінде автокөлік құралдарын басқарудың 16 фактісін анықтады.

Рейдтік іс-шара барысында полицейлер саяжайларды, демалыс орындарын, құрылыс объектілерін, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа қожалықтарын, шалғайдағы учаскелерде азаматтардың еңбектерін пайдалану, қару-жарақ заттарын заңсыз сақтау және басқа да құқық бұзушылық фактілерін анықтау үшін тексеруді жүзеге асырады.

Аталған жұмыстар криминогендік жағдайды айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру